Құқық

Пробация үйі ашылды

Заң

Өткен жұма күні Пробация үйінің ашылуы өтті. Негізгі мақсат — шартты мерзімге дейін бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету. Шараға облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов қатысты.

Қазіргі уақытта тіркеуде 1700-ден астам адам тұр. Пробация үйінде бұл азаматтарға әлеуметтік-құқықтық кеңестер беріліп,  психологиялық көмек көрсетілетін болады. Сондай-ақ, медициналық қызметпен қамту және еңбекке орналастыру да қарастырылмақ.

Мемлекеттік органдардың өкілдері Пробация үйінде есепте тұрғандарды күнделікті қабылдау екі айдың ішінде жүргізуді жоспарлаған. Сонымен қатар, осындай жұмыстарды аудандарда да жүргізу көзделіп отыр.

Пробация үйінің ең басты мақсаты —  түрлі заңсыздықтардың алдын алуға септігін тигізу.

                                                                                                          Алина СҮЛЕЙМЕНОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button