Құқық

Жүйелі жұмыс жалғасады

Жемқорлыққа жол жоқ

Еліміздегі 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық бағдарламаға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілген. Аталмыш құжат  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына соңғы 4 жылда сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс түскен жоқ. Бұл бағытта сот қызметкерлерінің қатысуымен іс-шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Былтыр басқа мекемелерде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға  ортақ іс», «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес саясатын іске асыру», «Жемқорлық және онымен күресу әдістемесі» тақырыптарында 21 рет дәріс оқылды. Сот қызметкерлері арасында жедел кеңес және семинар сабақтары жиі өткізіліп отырады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табады.

 Дамира САДЫҚОВА,

                                                                                                Ақтөбе облысының

                                       қылмыстық істер жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

                                                                                             сотының бас маманы.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button