Білім

Педагогикалық жетістіктердің конкурс-марафоны туралы

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ереже облыстық  конкурс-марафонның (әрмен қарай конкурс) мақсаты мен міндетін, оның ұйымдастырылу, қорытындының шығарылу, жүлдегерлерді марапаттау тәртібін анықтайды.

2. Конкурс-марафонның құрылтайшысы Ақтөбе облысының әкімдігі. Жұмысшы органы Ақтөбе облысының білім басқармасы болып табылады

3. Аталған шараға қатысуға ниет педагогтар мен педагогикалық ұжымдар конкурстың  келесі түрлерінен өте алады:

  • «Облыстың үздік жалпы білім беретін мектебі»,
  • «Облыстың үздік  мұғалімі»,
  • «Облыстың үздік класс жетекшісі»,
  • «Облыстың  үздік қосымша білім беру ұйымы»,
  • «Облыстың  үздік қосымша білім беру педагогы»,
  • «Облыстың  үздік мектепке дейінгі ұйымы»,
  • «Мектепке дейінгі ұйымның үздік тәрбиешісі»,
  • «Облыстың ең үздік колледжі»,
  • «Облыстың үздік кәсіптік лицейі»,
  • «Облыстың үздік кәсіптік оқыту  шебері»,
  • «Техникалық және кәсіптік оқу орнының оқытушысы»,
  • «Коррекциялық білім ұйымының үздік педагогы».

ІІ. Конкурстың мақсаты мен міндеті

4. Конкурстың мақсаты – қоғамдағы білім ұйымдарының, оқу орындарының  беделін, педагог мәртебесін арттыруға ықпал ету және педагогикалық ұжым мен педагогтың кәсіби біліктілігін  ынталандыру.

5. Конкурстың міндеті:

өзінің кәсіптік және азаматтық айқындамасында тұра алатын, шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды анықтау,  оларды қолдау және  марапаттау;

педагог мамандығы беделін көтеру, қоғамның жаңашыл педагог, білім ұйымдары  туралы оң пікірін қалыптастыру, білім беру қызметінің сапасын арттыру;

білім ұйымдарын, оқу орындарын  дамытудың жаңа әрі тың идеяларын, тұжырымдамалар және бағдарламаларын анықтау, олардың кәсіби өсуін көтермелеу.

III. Конкурсқа қатысушылар

6.  Конкурсқа ерікті негізде  білім ұйымы ұжымдары және 2009-2010 оқу жылында жұмыс жасайтын педагогтар қатыса алады. Қатысушылардың педагогикалық еңбек өтіліне, жасына   шек қойылмайды.

IV. Конкурстың ұйымдастыру және өткізілу шарттары

7. Қатысушыларды іріктеу және грантқа үміткерлерді анықтау үшін аудандық (қалалық), облыстық сараптау комиссиялары және конкурстың қазылар алқасы құрылады.

8. Конкурс үш кезеңде өткізіледі:

8.1. Дайындық кезеңі: Білім ұйымдары мен оқу орындарында қатысушылардың Портфолиосы  қалыптастырылады. Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар  аудандық (қалалық) сараптау комиссияларына 1 сәуірге дейін қабылданады;

8.2. Аудандық (қалалық) кезең. Аудандық (қалалық) сараптау  комиссиялары   1 сәуірден 15 маусымға дейін тапсырылған материалдардың сараптамасын жүргізеді. Қорытындысын қатысушының құжаттарымен бірге 16 маусымға дейін облыстық  ұйымдастыру комитетіне түсіреді.

8.3. Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары,  облыстық бағыныстағы білім ұйымдары конкурсқа  қатысушылардың құжаттарын 1-15 маусым аралығында облыстық  ұйымдастыру комитетіне түсіреді.

8.4. Облыстық кезең. Облыстық сараптау комиссиясы 16 маусымнан 10 тамызға дейін конкурсқа ұсынылған құжаттарды сараптамадан өткізеді. Сараптама қорытындысы грантқа үміткерлерді анықтау үшін конкурстың қазылар алқасына ұсынылады.

Қазылар алқасы облыстық сараптамалық комиссия ұсынған  материалдар бойынша  грантқа  үміткерлерді анықтайды.

9. Конкурстың барлық кезеңдерінде педагогикалық қызметтің нәтижелілігін бағалау соңғы екі оқу жылының қорытындысы бойынша білім басқармасының бұйрығымен бекітілген әрбір номинацияның білім беру әрекетін бағалау  көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі.

V. Конкурс жүлдегерлерін марапаттау

10. Конкурстық комиссия грант иегерлерін анықтайды және конкурсты қорытындылайды. Комиссия  бағалау мен жүлдегерлерді анықтауды тізім құрамы бойынша комиссия мүшелерінің кемінде  3/4  қатысқанда  ашық дауысқа салу арқылы жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның шешімі ақырғы қорытынды болып табылады және өзгертуге жатпайды.

11. Конкурстың қорытындылау тұрпатын және жеңімпаздарды марапаттау  мерзімін  облыс әкімдігі анықтайды.

12. Конкурс жеңімпаздары облыс Әкімінің сыйлығымен марапатталады.

Білім ұйымдары мен мекемелері алған гранттары да оқыту және тәрбиелеу ісінде жоғары жетістіктерге қол жеткізген білім қызметкерлері арасында бөлінеді.

Басқа жаңалықтар

2 Comments

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button