Ресми

Әрбір азамат аяқасты су деңгейінің көтерілуіне дайын болуы керек

Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасы кеңес береді:

Су тасқыны туралы хабардар болған жағдайда негізгі ережелерді ұстаныңыз:

  • газ бен электр қондырғыларын желіден ажыратыңыз;
  • егер су деңгейі баяу көтерілетін болса, мүлкіңіз бен материалдық құндылықтарды құтқаруға асығыңыз: аса бағалы дүниелеріңізді жоғары қабаттарға немесе шатырға көтеріңіз, ит, мысық секілді үй жануарларын сыртқа шығарыңыз;
  • көршілеріңізді ескертіп, балаларға көмектесіңіз, қарттар мен мүгедектерге қауіпті аймақтан кетулеріне қол ұшын созыңыз. Жоғары қабаттарға, шатырға көтеріліңіз. Азаматтық қорғаныс штабының хабарламасын тыңдап, арнайы кеңестер бойынша әрекет етіңіз;
  • эвакуацияға әзір болыңыз! Көп күттірмей, қауіпсіз аймақтарға барыңыз, судың қай бағытқа қарай таситынын да ескеріңіз;
  • өзіңізбен бірге құжаттарыңызды, ақша мен бағылы дүниелеріңізді, жылы киімдеріңіз бен етік, азық-түлік, бірнеше күнге жететін ауызсу, тазалық құралдарын, медициналық қобдишаны алып жүріңіз;
  • су ортасында қалсаңыз, құтқару қызметі жеткенше, су бетінде қалқып жүрген тақтайшаларды (тақтайшаға ұқсас заттарды) пайдаланыңыз;
  • су шайып жатқан жолмен көлікпен жүрмегеніңіз абзал. Сізді ағын әкетуі мүмкін.  Егер су тасқынында көлігіңіз тұрып қалса, оны тастап, қауіпсіз аймаққа асығыңыз, «101» және «112» телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз;
  • құтқарушыларға фонарь, шам немесе түрлі түсті матаның көмегімен белгі беріңіз;
  • құтқарушылар айтқан кеңесті орындаңыз және оларға құтқару жұмыстары барысында жәрдемдесіңіз;
  • есіңізде болсын! Бірінші кезекте балаларды, әйелдер мен қарттарды құтқару керек;
  • құтқару операциясы кезінде тыныштық пен сабырлық сақтаған жөн.

Өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төнген

барлық жағдайда «112» біріңғай құтқару қызметі және «101»

нөміріне қоңырау шалыңыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button