Спорт

Үздік командалар іріктелді

Жарыс

Жақында «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы мектеп оқушылары арасында республикалық VІІІ Қысқы спартакиада бағдарламасы аясында футзал жарысының облыстық іріктеу кезеңін өткізді.

Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа тарту және ең үздік команданы анықтау мақсатында өткізілген жарысқа облыстық физика-математика мектеп-интернаты, облыстық қазақ-түрік  лицей-интернаты, М.Құсайынов атындағы облыстық мектеп-интернат, Алға, Ырғыз, Мұғалжар, Мәртөк, Шалқар және Хромтау аудандарының командалары қатысып, тартысты ойын көрсете білді.

Төрт күнге созылған жарыстың ақтық мәресінде ұлдар арасында Ақтөбе қаласының құрама командасы жеңімпаз атанды. Екінші-үшінші орындарды Ырғыз және Шалқар аудандарының командалары бөлісті. Ал қыздар арасында Ақтөбе қаласының құрама командасы жеңімпаз болып, екінші орынға Мұғалжар ауданының командасы шықты.

Жеңімпаз және жүлдегер оқушыларға грамоталар мен медальдар, ал жүлдегер командаларға дипломдар табысталды.

Алға ауданы командасының футболшысы М.Мұратұлы «Үздік ойыншы» атанып, грамотамен марапатталды.

Енді Ақтөбе қаласының ұлдар және қыздар командалары наурыз айында өтетін республикалық VІІІ Қысқы спартакиада бағдарламасындағы футзал жарысына қатысады.

 Жайнагүл АХМЕТОВА,

«Ақтөбе-Дарын» орталығының аға әдіскері.

Ақтөбе қаласы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button