Құқық

Сауалдар және мәліметтер базасы

Мемлекеттік қызмет

Соңғы жылдары Үкіметтік емес секторға мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін реттейтін заңдарға өзгерістер енгізілуде, өткен жылы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды, Үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар және ұйым басшыларын марапаттауға сыйлықтар енгізілді.

Биылғы жылдан бастап ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабының 5-пунктіне сәйкес коммерциялық емес ұйымдар мәліметтер базасына деректер береді.

Биылғы жылы деректер 1 наурызға дейін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитетінде қабылданды.

Ал 1 наурыздан бастап Үкіметтік емес ұйымдар мәліметтерді ҮЕҰ мәліметтері базасы интернет-порталы: http://infonpo/kz арқылы ұсына алады. Порталда авторландыру электронды сандық қолы кілті көмегімен мүмкін болады. Порталға еніп, әрекеттердің қадамдық алгоритмі берілген «Пайдаланушының жетекшісімен» таныса аласыз.

Есепті кезең болып деректерді мәліметтер базасына ұсынудың алдындағы күнтізбелік жыл есептеледі, яғни ұйым 2017 жылы ғана тіркеуден өткен болса, онда бұл мәліметтерді 2018 жылдың 31 наурызына дейін ұсына алады.

Мәліметтер базасы бойынша барлық мәселелерге қатысты сауалдардың жауабын 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47 телефондары арқылы немесе Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеттің 74-04-28@mail.ru электронды адресінен алуға болады. Бұдан басқа, Ақтөбе облысы ҮЕҰ ассоциациясы ресурстық орталығына 24-94-44 телефоны арқылы хабарласа аласыз.

ҮЕҰ мәліметтер базасына есептіліктің формасын толтыру бойынша әдістемелік ұсыныстар, сондай-ақ жиі берілетін сұрақтардың жауабы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің сайтында берілген.

 Айгүл ДҮЙСЕНОВА,

«Ақтөбе облысы ҮЕҰ ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі президенті.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button