Құқық

Жүйелі жұмыстар жалғасады

Мемлекеттік қызмет

Жергілікті бюджеттің орындалуына сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган — Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы облыс аумағында қаржы тәртібін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілері мен мемлекет активтері, жергілікті бюджеттің қаржысын пайдалану, басқару тиімділігін көтеру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Тексеру комиссиясында ағымдағы жылдың мемлекеттік аудит нысандары тізімі бекітіліп, ол интернет-ресурста орналастырылады.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары мен қылмыстардың туындауына жағдай жасайтын себептер мен шарттарды анықтау мақсатында әрбір жарты жыл сайын Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу ережелеріне сәйкес тексеру комиссиясының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі мониторинг жүргізіледі.

Бұл шара барысында тексеру комиссиясының ұйымдастыру-басқарушылық қызметі мен барлық нормативтік-құқықтық актілер, яғни аудиторлық есептер мен тұжырымдар қамтылады.

2016 жыл бойынша тексеру комиссиясының қызметіне жүргізілген ішкі мониторинг сыбайлас жемқорлық әрекеттері деректерінің жоқтығын көрсетті.

Сыбайлас жемқорлық нышандарын түбірінен болдырмау мақсатында тексеру комиссиясында мемлекеттік аудитті алдын ала зерттеу мен жүргізуге берілген тапсырмаларды тіркеудің электронды бағдарламасы енгізілді.

Тексеру комиссиясы қызметкерлері техникалық оқулар мәжілісін тұрақты өткізіп, онда сыбайлас жемқорлықтың деректері мен нышандарының қандай да түрінің құбылыстарына нөлдік төзімділік құруға ерекше назар аударылды.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша қызметкерлер сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмауға бағытталған жұмыстарды одан әрі жалғастыруды жоспарлауда.

 Сағат ЕҢСЕГЕНҰЛЫ,

облыстық тексеру комиссиясының төрағасы. 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button