ЖаңалықтарЭкономика

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінген қаржы толық игерілуде

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы және облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы комиссиялардың біріккен отырысында белгілі болды.

Жиында сөз алған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Әділ Қайырмеков 2016 жылы 65 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін 18 053,3 миллион теңге бөлініп, оның 17 910,2 миллион теңгесі немесе 99,2 пайызы игерілгенін айтты. Игерілмеген 143,0 миллион теңге мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемделген.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы 48 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін 20 647, 8 миллион теңге бөлінді, — деді ол.

Облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы арнайы комиссиялар «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Ұлттық қордан және бюджеттен бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын жіті бақылауға алып, құрылыс нысандарының дер кезінде халық игілігіне берілуін қадағалап отыр.
«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша комиссия мүшелері өткен жылы қаладағы тоғыз және Мұғалжар ауданындағы  бір құрылыс нысандарына бақылау жүргізген. Комиссия мүшесі Светлана Айтбаеваның айтуынша, 3 комиссия отырысы өтіп, 5 мәрте рейд жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде комиссия мүшелері мемлекеттік қазынадан бөлінген қаржының тиімді жұмсалғанына көз жеткізген.

Жиында өзге де 3 бағыттағы комиссия жетекшілері сөз алды.

Ұлттық қордан бөлінген қаражатты ұқыпты пайдалану алдағы уақытта да партия назарында болмақшы.

 Өз тілшіміз.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button