Спорт

Қысқы Азиада басталды

Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

VIII қысқы Азиада Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтетінін оқырмандарымызға хабарлаған едік. Жарыста 31 елдің спортшылары 11 спорт түрінен 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.

18 ақпанда хоккейден алғашқы іріктеу сындары басталып та кеткен болатын. Қазақстанның қыздар құрамасы жергілікті спортшылармен бақ сынасып, өкінішке қарай, қарсыластарынан 0:5 есебімен ұтылды. Бүгін біздің хоккейші қыздарымыз Қытай құрамасымен ойнайды.

Сондай-ақ, кеше Саппорода ҚР Олимпиада комитетінің төрағасы Тимур Құлыбаев пен Иранның Олимпиадалық комитетінің президенті Кумарс Хашеми спортты дамытуға арналған екі жақты келісім-хатқа қол қойды. Бұл алдағы уақытта Қазақстан мен Иран спортшылары арасында бірлескен оқу-жаттығулар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

 inform.kz сайтынан.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button