Жаңалықтар

Сержанның қос жаңалығы

Жақында каратэ-додан ІІІ данды қорғаған Сержан енді фильмге түседі

Ақтөбеде әлем чемпионы Әшім Қалидың жүлдесі үшін каратэ-додан VІІІ халықаралық турнир өтті.

Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Башқұртстаннан жиналған 326 адам қатысқан бұл турнирде ақтөбеліктер – Жомарт Шатаев пен Ринат Сағындықов өз салмақтары бойынша жеңімпаз атанды.

Бұл турнирде Сержан Аманқұловқа ҚР Ұлттық Каратэ-до федерациясы каратэ-до бойынша шеберлігі үшін ІІІ дәрежелі дан атағын тапсырып, оны рекордтар жазу кітабына тіркеді.

Ол 41 жасында І дан, 45 жасында ІІ дан, 46 жасында ІІІ данды қорғап отыр.

«Одан ерте қорғауға болар еді, түрлі қиындықтарға байланысты көбіне жарыстарға шыға алмадым», – дейді өзі.

Сержан каратэмен айналысуды 1980 жылы Алматыға оқуға барған 17 жасында бастаған. Сол жақта Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының кино және театр бөлімінде оқыды.

Ол қазір «Атлант» спорт клубында Айбек Шоқпытовтың жетекшілігімен дайындалуда. Сержан Айбектің спорттың бұл түріне қызыққан талай жасты ақысыз-ақ баулып, тәрбиелеп жүргенін айтады.

Жақында Қазақстан-Ресей киностудиясының бірлестігі «Ханшаның амалы» («Ход королевы») фильміне актерлер арасында іріктеу өткізді. Көптеген мықты актерлер қатысқан кастингте аталған фильмдегі басты роль – топты басқаратын Ахметтің роліне Сержанды лайық деп тапты.  Фильм кейіпкері Ахмет әділдікті ту ететін топ басшысы екен. Осыған байланысты ол жақын күндері Алматыға жүреді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button