Спорт

«Ақтөбенің» кезекті кездесуі

Футбол

Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Ақтөбе» футбол командасы дүйсенбі күні Украинаның «Сталь» клубы футболшыларымен жолдастық кездесу өткізді.

Ойынның бірінші бөлігінде ресейліктер А.Сидельников қорғаған қақпаға екі гол өткізіп жіберді: Денис Васин,7-минут; Леандро, 24-минут. Жерлестеріміз қарымта гол соға алмады.

«Сталь» (Украина, Каменское)-«Ақтөбе» (Қазақстан, Ақтөбе) — 2:0.

Бұл кездесуге «Ақтөбе» төмендегі құрамда шықты:

Андрей Сидельников, Рафкат Аслан, Берік Айтбаев, Саят Жұмағали (Игорь Зенькович), Рахымжан Розыбакиев (Бауыржан Байтана), Торрес (Антон Скворцов), Антон Шурыгин (Кирилл Шестаков), Жуниньо, Жақып Кожамберді (Ардақ Сәулет), Витор Жуниор, Асланбек Кәкімов.

18 ақпан күні жерлестеріміз Пермь қаласының «Амкар» (Ресей) командасымен кездеседі.

 Е.АХАТҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button