ЖаңалықтарСпорт

Неймар «Ақтөбе» футбол клубын 50 жылдығымен құттықтады

Сурет Ақтөбе ФК инстаграмдағы ресми парақшасынан

Бразилия футболшысы, «Барселона» футбол клубының мықты шабуылшысы Неймар «ақ-қызылдарды» 50 жылдық мерейтойларымен құттықтап, алда үлкен жеңістерге жете берулерін, ал клуб жанкүйерлеріне ерекше көңіл күй тіледі. Бұл туралы «Ақтөбе» футбол клубының инстаграмдағы ресми парақшасында жазылды.

«Ақтөбе» ФК-ы музейінің қоры тағы бір даңқты футболшының қолтаңбасы түскен  жейдемен толыға түсті. Неймар бұған дейін «Ақтөбе» ойындарын көрмегенін, енді ол Қазақстанда тек осы «ақ-қызылдарға» досы Витор Жуниор үшін жанкүйерлік ететінін айтты.

Айта кету керек, бұған дейін «ақ-қызылдарды» дәл осылай танымал футболшы Рональдино да құттықтаған болатын. Ал футбол клубының музейі мен дүкені осы жылы ашылады деп жоспарланып отыр.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button