Денсаулық

Өткен жылы 360 177 нәресте дүниеге келді

2009 жылы республикада 360 177 нәресте дүниеге келген.

Олардың ішінде 53 324 сәби түрлі патологиялармен туған. 2009 жылы балалардың туу көрсеткіші (360177) оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 987-ге (365164) аз болған. 2009 жылы нәрестелердің шетінеу көрсеткіші тірі туылған 1000 балаға шаққанда 18,4 пайызды құрады. Ал 2008 жылы бұл көрсеткіш 20,76 пайыз болған еді. Нәрестелердің өлімімен аяқталған оқиғалардың анағұрлым жоғары көрсеткіштері Шығыс Қазақстан (22,7), Қызылорда (21,6), Маңғыстау (21,5) және Оңтүстік Қазақстан (20,7) облыстарында тіркеліп отыр.

Ал Атырау (57,0), Маңғыстау (55,9), Қызылорда (42,6). Қарағанды (42,6), Жамбыл (40,1), Ақмола (39,3) және Оңтүстік Қазақстан (37,1) облыстарында ана өлімі көрсеткіші жоғары.

Сондай-ақ, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында үстіміздегі жылы Астана қаласында жаңа перзентхана бой көтереді. Бағдарламадан тыс ағымдағы жылы Байқоңыр қаласында және Қызылорда облысында осындай медициналық мекемелерді іске қосу жоспарлануда.

Ажырасқандар көбейді

ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша, 1999-2007 жылдар аралығында республикада заң жүзінде тіркелген некелердің саны үнемі артып келген.

Ал 2008 жылы бұл көрсеткіштер төмендеп, 135,3 мың некені құрады.

«Некелесудің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 5,8-ден 8,6 промиллеге дейін артты. Ол 2009 жылдың қаңтар-қарашасында 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1 промиллеге артты», — деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сондай-ақ олардың ақпаратына сәйкес, 2008 жылы заң жүзінде ажырасушылардың саны 1999 жылғы 25,6 мыңнан 35,9 мыңға дейін артқан. Ажырасқандардың жалпы коэффициенті 1 мың адамға шаққанда 1,7 промилледен 2,3-ке өсті. Ал өткен жылдың 11 айында, 2008 жылдың осындай кезеңіндегі 2,3 промилле көрсеткішінен, 2,4 промиллеге артты.

ҚазАқпараттан алынды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button