Спорт

«Ақтөбе» алғашқы кездесуін Алматыда өткізеді

Футбол

Қазақстандағы үлкен футболдың басталуына да бір айға жетер-жетпес уақыт қалды.

Әрине, әуелі жылдағы дәстүр бойынша Суперкубок сарапқа салынады.

4 наурызда, сенбі күні өткен жылғы чемпионаттың да, Қазақстан кубогының да жеңімпазы «Астана» мен бұл екі мәртебеге де бір қадам жете алмай қалған «Қайрат» күш сынасады.

Ал келесі сәрсенбіде, 8 наурыз күні Қазақстан Премьер-Лигасының ХХVІ чемпионаты басталады.

Бұл күні «Ақтөбе» Алматыда өткен жылғы күміс жүлдегер «Қайратпен» күш сынасады.

8 наурыз күнгі 1-турдың басқа кездесулері:

«Алтай» (Семей) — «Шахтер» (Қарағанды)
«Қайсар» (Қызылорда) — «Оқжетпес» (Көкшетау)
«Тобыл» (Қостанай) — «Атырау» (Атырау)
«Ордабасы» (Шымкент) — «Астана» (Астана)
«Ертіс» (Павлодар) — «Ақжайық» (Орал)

Бірер сөз «Ақтөбе» командасының алдағы маусымға қазіргі дайындығы туралы.

Біздің командамыз 12 қаңтардан 1 ақпанға дейін сырт жердегі алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізді. Түркияда өткен бұл жиында футболшыларымыз төрт жолдастық кездесу өткізді. Екі рет жеңіске жетсе, екі рет ұтылды. Бұл ойындар туралы негізгі мәлімет төмендегідей.

16 қаңтар. «Ақтөбе» (Қазақстан)-«Фламуртари» (Албания) — 0:1

«Ақтөбенің» құрамы: Андрей Сидельников (Самат Отарбаев), Рафкат Аслан, Берік Айтбаев, Дамир Даутов (Саят Жұмағали), Вук Митошевич, Кирилл Шестаков (Антон Шурыгин), Рахымжан Розыбақиев (Нұрбол Жұмашев), Асланбек Кәкімов, Ардақ Сәулет (Абылайхан Оңғарбаев), Бауыржан Байтана, Игорь Зенькович (Игорь Бойчук).

22 қаңтар. «Ақтөбе» (Қазақстан)-«Анжи» (Ресей) — 1:0

Гол авторы: Бауыржан Байтана.

«Ақтөбенің» құрамы:АндрейСидельников, Рафкат Аслан, Бағдат Қайыров, Берік Айтбаев (Жұмағали Саят), Асланбек Кәкімов, Кирилл Шестаков, Антон Шурыгин, Бауыржан Байтана, Жуниньо (Сәулет Ардақ), Кассиано (Рахымжан Розыбакиев), Игорь Зенькович.

26 қаңтар. «Ақтөбе» (Қазақстан)-«СКА Хабаровск» (Ресей) — 2:0

Гол авторлары: Витор Жуниор, Игорь Бойчук.

«Ақтөбенің» құрамы: Самат Отарбаев, Дамир Даутов (Саят Жұмағали), Берік Айтбаев (Нұрбол Жұмашев), Рафкат Аслан, Жуниньо (Рахымжан Розыбақиев), Кирилл Шестаков (Абылайхан Оңғарбаев), Вук Митошевич (Антон Шурыгин), Жақып Қожамберді (Асланбек Кәкімов), Витор Жуниор (Әбілхан Әбдікәрімов), Кассиано (Игорь Бойчук), Игорь Зенькович (Ардақ Сәулет).

31 қаңтар. «Ақтөбе» (Қазақстан)-«МТК Будапешт» (Венгрия) — 0:2

«Ақтөбенің» старттық құрамы: Самат Отарбаев, Рафкат Аслан, Берік Айтбаев, Седрик Гогуа, Жуниньо, Кассиано, Витор Жуниор, Абдулла Джафар, Дамир Даутов, Жақып Кожамберді, Кирилл Шестаков.

Кеше футболшыларымыз Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынына аттанды. Бұл кезеңде «Ақтөбе» бес кездесу өткізбекші. Әзірге белгілісі екеу: 13 ақпанда Украинаның «Сталь» командасымен күш сынасса, 18 ақпанда Ресейдің «Амкар» футбол клубымен додаға түседі.

Тағы бір жаңалық. Биылғы Қазақстан Кубогы үшін болатын доданың финалдық кездесуі Ақтөбеде өтетін болып белгіленді. Ал егер «Ақтөбе» командасы финалға шықса ше? Онда биылғы жылдың 14 қазанында болуға тиіс бұл ойынның өтетін жері өзгеруі де ғажап емес. Өйткені финалдық кездесу екі команда үшін де сырт алаңда өткізілуі тиіс.

 Е.АХАТҰЛЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button