Денсаулық

Құрт ауруы қайтсе құрықталады?

Қоғамдық кеңес

Туберкулезге қарсы кешенді күрестің тиімділігі жөнінде Ақтөбе қалалық қоғамдық кеңес қоғамдық тыңдау өткізді.  

Жиында туберкулезге шалдыққан науқастарды емдеу,  олардың әрі қарай қоғамнан шеттетілмей өмір сүруіне жағдай жасау және туберкулезге қарсы вакцина алудан бас тартатындар мәселесі қаралды. Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасова бұл проблемаларды бірігіп шешу қажеттігін ескертті. «Береке-Даму» әлеуметтік даму қорының директоры Алма Қанатбаева баяндама жасады. Оның айтуынша, аудандарда құрт ауруына шалдыққандарға жүз пайыз әлеуметтік көмек беріледі. Олар ай сайын ең төменгі күн көріс көлемі бойынша жәрдемақы алады. Былтыр оның көлемі — 22 мың теңге болған. Ал қалада науқастардың жетпіс пайызы ғана көмекпен қамтылған. Олар көмекке мұқтаж азаматтар есебінде жылына бір рет 50 мың теңгеге ие болады.  Қор директоры тиісті орындардан қала мен аудандағы туберкулезге шалдыққан науқастарды бұлай бөліп қарастыру себебін сұрады. Сондай-ақ еңбек мигранттары арасында құрт ауруына шалдыққандардың да бар екенін айтып өтті. Олардың арасында ешқандай тіркеуде жоқ, медициналық тексеруден өтпегендер бар. Сонымен қатар Ақтөбе қаласында балалар арасындағы аурушаңдық өскен. Өткен жылы аудан бойынша 9 бала тіркелсе, қалада 15 бала есепке алынған. Ауру балалардың балабақшаға орналасуына қатысты да мәселе көп. Арнайы балабақшада тәрбиеленіп, емделіп келген балдырғанның қарапайым балабақшаға орналасуы қиын. Сондай-ақ соңғы жылдары ата-аналар арасында туберкулезге қарсы вакцинадан бас тартатындардың қатары көбейген. Көпшілігі вакцинаның сапасына сенбейді. Осы мәселелерді ортаға салған қор директоры мәслихат депутаттары мен бас дәрігерлерді бірігіп жұмыс істеуге шақырды.

Сонда-ақ жиында құрт ауруының алдын алу және онымен күресу жолында атқарылатын істер ортаға салынды.

 К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button