Спорт

«Ақтөбе» тағы да Мәскеу алаңына шығады

Жыл сайын қаңтар айында Мәскеу жан-жақтағы футболшыларды дүбірлі жарысқа шақыратыны мәлім. Биыл да солай болмақшы.

16-24 қаңтар аралығында Мәскеудің «Олимпиский» және «Динамо» спорт комплекстерінде ТМД мен Балтия елдері чемпиондарының ХVІІ Достастық Кубогы үшін аламан бәйге өтеді.

Әрине, Қазақстаннан бұл жарысқа біздің «Ақтөбе» қатысады. Өткен жылы дәл осы бәсекеде «Ақтөбе» финалға шығып, Молдавияның «Шериф» командасына тек пенальти бойынша ғана (4:5) есе жіберіп алғаны жанкүйерлерге әбден аян. Ендеше биыл сол өкініштің орнын толтырудың реті келіп  тұр.

Рас, бұл халықаралық жарысқа кеше ғана Еуропаның жасыл алаңдарында жасындай жарқыраған Қазанның «Рубині» мен Киевтің «Динамосы» секілді азулы командалар да қатысатынын ескерсек, орда бұзу тіпті де оңайға түспейтіні және белгілі. Қалай болғанда да «Ақтөбе» жылдағыдай биыл да жанкүйерлеріне мол қуаныш сыйлайтынына сенгіміз келеді.

Сонымен «Ақтөбенің» қарсыластары кімдер?

«А» тобы

«Днепр» (Могилев қаласы, Беларусь);

«Дордой-Динамо» (Нарын қаласы, Қырғызстан);

«Металлург» (Липея қаласы, Латвия);

«Рубин» (Қазан қаласы, Ресей).

«В» тобы

«Бакы» (Баку қаласы, Әзірбайжан);

«ХИК» (Хельсинки қаласы, Финляндия);

«Ақтөбе» (Ақтөбе қаласы, Қазақстан);

«Вахш» (Қорғантөбе қаласы, Тәжікстан).

«С» тобы

«Динамо» (Киев қаласы, Украина);

МТТУ (Ашхабад қаласы, Түркіменстан);

«Левадия» (Таллинн қаласы, Эстония);

Ресей клубтары құрамасы..

«Д» тобы

«Бейнетқор» (Ташкент қаласы, Өзбекстан);

«Экранас» (Паневежис қаласы, Литва),

«Дачия» (Кишинев қаласы, Молдова);

«Пюник» (Ереван қаласы, Армения).

«Ақтөбенің» жеребелестері. «Д» тобы

«Бакы» футбол командасы

Әзірбайжанның мығым командаларының бірі. 2005-2006, 2008-2009 жылдарғы ел чемпионы.

«ХИК» футбол клубы

Финляндия чемпионы. 1998-1999 жылғы маусымда УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Кайзерслаутернмен» (0:0) және «Бенфикамен» (2:0 және 2:2) сәтті ойнап, 5 ұпай (4-орын) жинағаны бар.

«Вахш» футбол клубы

Тәжікстанның 1997, 2005 жылдарғы чемпионы. 2004 жылы күміс, 1992,2006, 2007 жылдары қола жүлдегер болды.

Мачтар тізбесі

16 қаңтар

1. «Ақтөбе» — «ХИК»

2. «Динамо» — Ресей клубтары құрамасы

3. «Экранас» — «Пюник»

4. «Рубин» — «Металлург»

5. «Вахш — «Бакы»

6. «Левадия» — «МТТУ

7. «Дачия» — «Бейнетқор»

8. «Днепр» — «Дордой-Динамо»

17 қаңтар

9. «Бакы» — «ХИК»

10. «Левадия» — «Динамо»

11. «Дачия» — «Экранас»

12. «Дордой-Динамо» — «Рубин»

13. «Ақтөбе» — «Вахш»

14. МТТУ — Ресей клубтары құрамасы

15. «Пюник» — «Бейнетқор»

16. «Днепр» — «Металлург»

19 қаңтар

17. «Ақтөбе» — «Бакы»

18. «МТТУ — «Динамо»

19. «Пюник» — «Дачия»

20. «Рубин» — «Днепр»

21. «ХИК» — «Вахш»

22. Ресей клубтары құрамасы — «Левадия»

23. «Бейнетқор» — «Экранас»

24. «Металлург» — «Дордой-Динамо»

20 қаңтар (14 финал)

25. Д1 — С2

26. В1 — А2

27. С1 — Д2

28. А1 — В2

22 қаңтар (12 финал)

29. 26 матч жеңімпазы — 27 матч жеңімпазы

30. 25 матч жеңімпазы — 28 матч жеңімпазы

31. 29 матч жеңімпазы — 30 матч жеңімпазы

24 қаңтар (финал)

31. 29 матч жеңімпазы — 30 матч жеңімпазы

М. МЫРЗАҒАЛИЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button