Спорт

Мен үшін үлкен абырой

Осындай құрметке лайық деп танылғаныма өте қуаныштымын.

Шыны керек, өз басым өнер ұжымындағы қызметкерлердің арасынан мені таңдайды деп ойламаппын. Бұл мен үшін үлкен абырой, естен кетпейтін оқиға болғалы тұр.

Бұрын-соңды алаугер болу бақыты   бұйырмапты. Есесіне, көптеген іс-шараларда, соның ішінде спорттық сайыстарда жиі жүргізуші боламын.

Менің ойымша, бұл Универсиада біздегі жас спортшылардың кәсіби тұрғыда өсуіне тағы бір серпін береді. Жалпы, аталған дүбірлі доданың көрермендерін де бұл салауатты өмір салтын ұстануға шақырады деген ойдамын.

Барлық қатысушы спортшыларымызға жеңіс, ал көрермен қауымның ұмытылмас әсер алуына тілектеспін.

 Нұржан ОРАЗОВ,

облыстық Ғ.Жұбанова атындағы филармонияның әншісі. 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button