Спорт

Алау ұстау — үлкен жауапкершілік

Алау эстафетасына қатысатыныма аса қуаныштымын, мен үшін бұл үлкен жауапкершілік жүктейді. Мұндай шараға алғаш рет қатысуым. Эстафета кезінде әрқайсысымыз Құдайберген Жұбанов атындағы университет алаңынан бастап, Тұңғыш Президент атындағы саябаққа дейін 200 метрді жүгіріп өтеміз.

Өзім 9 жасымнан бастап футболмен айналысамын. Ең алғаш осы спорт түріне баулыған жаттықтырушым Юрий Тиханюк болды. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Сондай-ақ  адамды ептілікке, мықтылыққа баулитын спорт түрі. Бүгінде «Ақтөбе» қосалқы құрамасының ойыншысымын. 2016 жылғы футболдан  U-16, 2014 жылғы  U-17 және 2015 жылғы U-18 Қазақстан премьер-лигасының жеңімпазы болдық. 2013 жылы «Үздік ойыншы», ал 2014 жылы «Үздік қорғаушы» атандым. Грузия, Түркия, Ресей елдерінде өткен додаларға қатыстық.

Бүгінде Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің денешынықтыру және спорт мамандығының 1-курсында білім алып жатырмын. Болашақта елімізде бұл спорт түрінің дамуына өз үлесімді қосқым келеді.

Универсиада кезінде спортшыларымыздан тек жеңістер күтемін.

 Айбар ТЕМІРБАЕВ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 1-курс студенті.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button