Спорт

Бұл дода елімізді әлемге танытады

ХХVІІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 алауының Ақтөбеде өтетін эстафетасына қатысатыныма қуаныштымын.

Бұл шараның біздің еліміз үшін маңызы зор. Универсиадаға шет елдерден жүздеген спортшылар келіп, қатысады. Бұл жарыс — еліміздің әлеуетін баршаға көрсететін, қазақ халқының қонақжайлылығын әлемге танытатын үлкен шара. Сондықтан барлық спортшылар мен қазақ еліне үлкен абырой мен жеңіс, сәттіліктер тілеймін.

Жас спортшы ретінде елімізде өтетін дүбірлі додаға өз үлесімді қосатыным — мен үшін үлкен мәртебе. Қазір мен Ақтөбе қаласындағы М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің жалпы медицина факультетінің 5-курсында оқимын. Өткен жылы Астана қаласында өткен студенттер мен жас ғалымдардың 58-халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясында спорттық медицина бойынша Гран-приді жеңіп алдым. Сондай-ақ самбо және белбеу күресінен өткен жылы облыс бойынша жеңімпаз атандым. Болашақта өз мамандығым бойынша спорттық медицинаға бет бұрмақпын. Сонымен қатар самбо, белбеу күрестерінен алдағы уақытта тағы да үлкен жарыстарға қатысып, елімнің мерейін өсіргім келеді.

 Азамат БИСЕНОВ,

самбо күресінен ҚР ашық біріншілігінің жеңімпазы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button