Спорт

Жарыс тақырыбы — Универсиада

Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға орай Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы мен Ақтөбе мұнай және газ колледжінің қызметкерлері арасында «Салауатты өмір — біздің денсаулығымыз» атты спартакиада өтті.

Екі кезеңнен тұрған жарыста әуелі әр топ өздерінің аттарын, төсбелгілері мен ұрандарын таныстырды.

Кітапхана қызметкерлері А.Есалинова, Г.Бопилова, Б.Хамидуллина, Л.Құрымбаева, Б.Сарыбаева, А.Кенжебаевалар «Сұңқар» тобын, ал Ақтөбе мұнай және газ колледжінің мұғалімдері Б.Қыдыралина, Ғ.Қайырқанова, Ш.Қуанышалиева, Ж.Қауымбаева, А.Мерекеқызы, Г.Кубишовалар «Қыздар» тобын жасақтады. Біздің кітапхана қызметкерлері: «Сұңқар тобы биікке самғайды, қанаты талмайды!» ұранымен спартакиаданы алғаш бастады. Спартакиадаға қатысушылар «Спортшыларға жалынды сәлем!», «Біз сіздермен біргеміз!»,«Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017», «Алға, Қазақстан!», «Қанатыңды кең серпі!» деген жазуы бар плакаттар әзірлеп келіп, сол арқылы спортшыларға жігер сыйлады.

Волейбол ойынын қыздырған Ақтөбе мұнай және газ колледжінің мұғалім қыздар тобы І орынға, ал кітапханашы қыздар ІІ орынға ие болды. Оларға дипломдарды  кітапхана директоры Гүлжайнар Қалдина табыстады.

27 желтоқсаннан бастап 8 ақпанға дейін «Қысқы универсиада — қуатты елдің құзыры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып жатыр. Кітап көрмесіне Ө.Жолымбетовтің «Қазақстан — спортшылар елі», Питер Твистің «Хоккей: теория и практика», В.Виттенің «Фигурное катание», Қайрат Әбілдиновтің «Ел намысы бір кеудеге сыйған ба?», Мереке Құлкеновтің «Әлемдік және ұлттық спорт ойындары. Энциклопедия», т.б. кітаптары мен Универсиада туралы мақалалар қойылды. 8 ақпанға дейін кітап көрмесі күнделікті таныстырылып және жаңартылып тұрады.

 Бақтыгүл БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ,

С.Жиенбаев атындағы облыстық

жасөспірімдер кітапханасының

бөлім меңгерушісі.      

Ақтөбе қаласы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button