Спорт

Оқушылар құлшыныспен қолдады

29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында елімізде өтетін ХХVІІІ Дүниежүзілік Универсиадаға 57 елдің спортшылары жиналып бақ сынамақ. Саңлақтарымызды жан-жақтан қолдап, дем беруде жастарымыздың ролі зор.

Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеп, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды мақсат ететін Милы орта мектебі өз оқушылары арасында спорттық ойын түрлерінен Универсиада апталығын өткізуде.

Апталықтың бір күні спортшыларымыз көрші Сисекенов орта мектебі оқушыларымен  «Биатлон» жарысын ұйымдастырды. Мұнда оқушылардың дәлдеп, көздеп ату машығы мен шаңғымен сырғанау жылдамдығы ескерілді. Сол себепті балалар белгіленген тәртіп  бойынша мәреге тез жетіп, оқты дәл тигізу арқылы бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы Милы орта мектебінің командасының қоржынын толтырса, Сисекенов орта мектебі командасы екінші орынды еншіледі.

Оқушылардың спортқа қызығушылығын оятып, оны күн сайын арттыруда дене тәрбиесі мұғалімдерінің еңбектері зор.

«Спорт — денсаулық кепілі» қағидасын берік ұстанған Сисекенов орта мектебінің спорт жаттықтырушысы Р.Құлдықов өз шаңғышыларымен бірге 25 шақырым қашықтықты еңсеріп, өз өнерлерін көрсетуі қазіргі жасөспірімдердің спортқа құлшынысын еселей түседі.

Спорт сүйер оқушылар биатлон жарысын тоғызқұмалақпен жалғастырды. Осы шаралардың барлығы қысқы Универсиадаға қатысушыларға дем береді деп сенемін.

Зейнет ҚАРАҒҰЛОВА,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Әйтеке би ауданы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button