Ресми

Ақтөбе қаласында жол қозғалысын уақытша жабу туралы

ХХVІІІ Дүниежүзілік қысқы универсиада – 2017 аясында Алау эстафетасы өткізілуіне байланысты  Ақтөбе қаласы әкімдігі 2017 жылғы 27 қаңтарда төменде аталған көшелер бойынша көліктің барлық түрінің қозғалысы уақытша жабылатындығын хабарлайды.

  1. Сағат 9.00-дан 10.40-қа дейін Ә.Молдағұлова даңғылынан В.Пацаев көшесіне дейінгі Ағайынды Жұбановтар көшесінің бойы;
  2. Сағат 10.40-тан сағат 10.45-ке (5 минут) дейін Ағайынды Жұбановтар көшесінен Маресьев көшесіне дейінгі В.Пацаев көшесінің бойы;
  3. Сағат 10.45-тен сағат 11.05-ке (20 минут) дейін В.Пацаев көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейінгі Маресьев көшесінің бойы;
  4. Сағат 11.05-тен сағат 11.25-ке (20 минут) дейін Маресьев көшесінен Есет батыр көшесіне дейінгі Ә.Молдағұлова даңғылы бойы;
  5. Сағат 11.25-тен сағат 11.45-ке (20 минут) дейін Ә.Молдағұлова даңғылынан Абай даңғылына дейінгі Есет батыр көшесі бойы;
  6. Сағат 11.45-тен сағат 12.05-ке (20 минут) дейін Есет батыр көшесінен Тургенев көшесіне дейінгі Абай даңғылының бойы (оң жағынан) және Тургенев көшесінен Әбілқайыр хан даңғылына дейінгі Абай даңғылының бойы (сол жағынан);
  7. Сағат 12.05-тен сағат 12.20-ға (15 минут) дейін В.Пацаев көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейінгі Әбілқайыр хан даңғылы бойы;
  8. Сағат 12.20-дан сағат 12.30-ға (10 минут) дейін Әбілқайыр хан даңғылынан Ағайынды Жұбановтар көшесіне дейінгі Ә.Молдағұлова даңғылы бойы;
  9. Сағат 12.30-дан сағат 12.50-ге (20 минут) дейін Ә.Молдағұлова даңғылынан М.Оспанов көшесіне дейінгі Ағайынды Жұбановтар көшесі бойы;
  10. Сағат 12.50-ден сағат 13.00-ге (10 минут) дейін Ағайынды Жұбановтар көшесінен Әбілқайыр хан даңғылына дейінгі М.Оспанов көшесі бойы;
  11. Сағат 13.00-дан сағат 13.20-ға (20 минут) дейін Ағайынды Жұбановтар көшесінен Әбілқайыр хан даңғылына дейінгі М.Оспанов көшесі бойы.

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button