Ресми

ТАҒАЙЫНДАУ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың 2017 жылғы 13 қаңтардағы өкімімен Аян Сәулетұлы Ықылас «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

Аян ЫҚЫЛАС

1976 жылы дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бухгалтер-экономист, «Тұран Астана» университетін құқықтану бакалавры мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданы «Құмжиек» кеңшарында жұмысшы ретінде бастаған.

Құмжиек селолық округі аппаратының бас маманы, Қазалы ауданы бойынша салық комитетінің сектор меңгерушісі, Құмжиек селолық округінің әкімі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және дүниежүзілік сауда ұйымы департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2014 жылғы сәуір айынан бері — «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» басшысының орынбасары.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button