Денсаулық

Қауіпті дертке қарсылық

Акция

 Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай  «Дина» гипермаркетінде «Мен үшін маңызды,  ал сен үшін?»  атты акция өтті. Шараны М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің эпидемиология кафедрасы ұйымдастырды.  

Қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде СПИД-ке қарсы күрес жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Аталған аурудың қауіптілігі мен оның алдын алу жолын жұртшылыққа кеңінен насихаттау мақсатында 1988 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1 желтоқсанды Спидке қарсы күрес күні деп белгіледі.

Университет жастары ұйымдастырған акцияның да мақсаты — осы, яғни тұрғындарды аталған аурудан сақтандыру. Шара барысында аурудың алдын алуға қатысты парақшалар, буклеттер таратылып, тұрғындарға сұрақтар қойылды.

Акцияның соңында жастар флешмоб ұйымдастырды.

 К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button