ДенсаулықЖаңалықтар

Кореялықтар екі аппаратты тегін берді

Ақтөбе қаласындағы №4 емханаға смартфон үлгісіндегі ультрадыбыстық зерттеу аппараты мен зәр талдау анализаторы әкелінді. Аталған екі аппаратты Оңтүстік Корея елінің Пусан ұлттық университетінің мамандары емханаға тегін берді.

Бұл шара облыс әкімдігі мен Пусан университеті арасындағы меморандумға сәйкес өткізіліп отыр.

Екі жақты келісім бойынша бүгін кореялық әріптестеріміз смартфон түріндегі екі аппаратты сыйға тартып отыр. Бұл аппараттардың қолданыстағы аппаратқа қарағанда ерекшелігі —  смартфон түрінде. Бұл төсек тартып жатқан науқастарға, бірінші, екінші топтағы мүгедек адамдарға  өте қолайлы. Адамды қозғамай-ақ сол жерде тексеру жүргізуге болады әрі дәрігерлердің ұстап жүруіне де ыңғайлы, — дейді емхананың бас дәрігері Мереке Нұртазин.

Кореялық мамандар емхананың дәрігерлеріне құрылғыны қалай қолдану керектігін түсіндірді. Шағын мониторлы УДЗ аппараты арқылы дәрігер төсекте жатқан науқасты қозғамай-ақ ішкі құрылыстарын тексереді. Ал анализатор науқастың зәрін сол жерде-ақ талдап береді. Ертеңгі күннен бастап ақтөбелік мамандар аталған аппаратты науқастарға  қолданады.

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button