Құқық

Бұл ең алдымен өзіміз үшін тиімді

Қандай да Заңның қабылдануы, оған уақыт талабымен немесе қажеттіліктен енгізілетін өзгерістер қалай дегенде де адам игілігі үшін жасалатыны белгілі. Уақытша тіркеуге қатысты мәселені де біз осы тұрғыдан қарастырғанымыз дұрыс. Егер есеп дұрыс жүргізілмесе, адамдардың қайда тіркелгені анық болмаса, бұл жағдайды қиындатып, көптеген проблемалар тудыруы мүмкін.

Әрине, көпшіліктің қандай да жаңалықты бірден қабылдап кетуі кейде қиынға соғады. Тіпті оның оң нәтижесіне ой жүгіртпей, көзге түскен теріс жақтарына мән беру жағдайы да кездесіп қалатыны бар. Сондықтан уақытша тіркеудің мәні неде, оның жалпы қоғам үшін пайдасы қандай деген сауалдардың жауабын көпшілік нақты білуі тиіс.

Бұл орайда тиісті орындардың жауапты қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндігін пайдаланып, көпшілікпен тікелей байланысты болғаны жөн деп есептеймін.

Менің байқауымда  бұл тіркеудің негізгі мақсаты — бір жерден екінші жерге түрлі мақсат-себептермен келген адамдардың санын бі­лу, нақты деректерді қолда ұстап отыру. Осындай жұмыстарды жүргізу ай­мақ­ты да­мытудың мем­ле­кет­тік жә­не өңірлік бағ­дар­ла­ма­сын дайындау барысында да, әр елді мекеннің даму әлеу­е­тін анықтауда да маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.

Елімізде көші-қон, тіркелу мәселелері қай кезде де Мемлекет басшысы тарапынан оң назарда ұсталып келеді. 1993 жылы «Қазақ­стан Республикасындағы пас­порт жүйесі туралы ереже», 2000 жылы «Халықты құжат­тан­­дыру ережесі», сондай-ақ 2011 жыл­ы «Ішкі көші-қонды тіркеу ере­жесі» қабылдануы осының бір айғағы. Осының бәрі азаматтардың игілігіне, елімізде заңдылықтың сақталуы жолында жасалып жатқан шаруалар деп ұғамын. Ал уақытша тіркелу — сол жұмыстардың жетілдірілуі, заңды жалғасы іспетті.

Адамдарды тұра­тын жері бойынша тіркеудің тиімді жақтары барлығы сөзсіз. Өз еліміз ішінде бір айдан астам уақытқа барған адам міндетті түрде сол тұратын жері бойынша тіркеуге алынуы тиіс. Мұн­дай тіркеу жаңадан ашылған жаңалық емес, әлем бойынша қа­­лыптасқан үрдіс екен. Біздің елімізде де тұрғылықты жері бойын­ша немесе уақытша тұр­ғын жері бойынша тіркеу заң­мен қарастырылған.

Бәріміз үшін талап бірдей. Сондықтан Заң талабы мүлтіксіз орындалуы тиіс. Мәселен, тіркел­мей тұрып жатқандар үшін әкімшілік жауаптылық та көз­делуі дұрыс деп ойлаймын. Заңға сәйкес, басқа жақтан келген азамат тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген болса, онда сол үйдің иесі жауапқа тартылады. Бұл бір пәтерге адамды есепсіз тіркей берудің жолын кессе, екіншіден, тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз жүруге тыйым салады. Мұның барлығы сол жерде тұратын адамдардың тыныш тұрмысы мен қауіпсіздігі үшін қажет.

Адамдар игілігі деген мәселені жандандыра түсетін болсақ, егер кім-кім де уақытша тіркел­меген болса, мемлекеттік қыз­мет­тер­ді, медициналық қызмет көр­се­тулерді, басқалай әлеуметтік көмектерді пайдалана алмайды. Сон­дықтан ол ең алдымен өзі үшін міндетті түрде тір­ке­­луі тиіс. Тіркеусіз жүр­ген құ­қықбұзушыға алдымен ескерту жа­са­лады, сонымен бірге тіркеуге тұруға мүм­­кіндік беріледі. Яғни бірден айып салынбайды.

Теледидар арқылы сұхбат берген өкілетті орган қызметкері тұрғылықты немесе­ уақытша мекенжайы бо­йын­ша тір­кеу туралы заң тала­бына ен­гізілген өзгерістер азамат­тар­дың мүддесін барынша тиімді қорғауға, сондай-ақ, ішкі көші-қонды бақылауды жақсартуға мүмкіндік беретіндігін айтты.

Менің айтарым — заң талабын мүлтіксіз орындауға дағдылансақ, бұл ең алдымен өзімізге жеңілдік әкелетінін есте ұстау.

 Владимир КОРЕНЬКОВ,

Ақтөбе облысының құрметті азаматы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button