Спорт

Спортшылар қалай тамақтанады?

Қысқы Универсиада-2017

 FISU талаптарын ескере отырып, Универсиада-2017 ойындарына қатысатын спортшылардың бір күндік калория нормасы анықталды.

Универсиада-2017 дирекцияның мәліметіне сәйкес, Қысқы ойындарға қатысатын спортшылардың  бір күндік калория нормасы (4000-4500) анықталып, енді атлеттер үшін менюді дайындау кезінде осы норма ескерілетін болады.

Спортшыларға арналған тәуліктік тамақтану нормасында ет, сүт өнімдері, астық бұйымдары секілді маңызды өнімдер қарастырылған. Сондай-ақ, атлеттердің дұрыс зат алмасуын сақтау үшін оларға пайдалы сусындардың барлық түрлері ұсынылады.

Осылайша Қысқы ойындар 110 000 килограмға дейінгі мөлшерде ет өнімімен, соның ішінде қой, сүт, жылқы, тауық және үндік етімен қамтамасыз етілмек. Универсиада-2017 спортшылары мен қатысушыларына арналған тағам үлестіру бекеттеріне шамамен 6100 килограмм ұн өнімі мен 60 000 килограмнан астам сүт өнімі жеткізілмек.

Универсиада кезінде спортшылар мен ресми делегациялар мүшелері, FISU техникалық делегаттары, халықаралық техникалық мамандар (ITOs), ұлттық техникалық мамандар (NTOs), еріктілер, БАҚ өкілдері, медициналық қызметкерлер, Ұйымдастыру комитеті,  FISU Family өкілдері және т.б. тұлғалар тамақтандырылатын болады. Сондай-ақ, Атлеттер ауылында қазақ/ұлттық, еуропалық/жерорта теңізілік, азиялық, вегетариандық және де халал секілді бес тағам түрін дайындайтын 1000 орынға шақталған асханалар жұмыс жасамақ.

Универсиада еріктілері үшін тамақтандыру ланч-бокстар түрінде ұсынылады. Сондай-ақ, әрбір нысанның коммерциялық аймағында көрермендер мен жанкүйерлерге арнап тамақтандыру ұйымдастырылады.

Алматы қаласының Тұтынушыларды қорғау департаментімен бірлесе отырып, Универсиада-2017 ойындары кезінде Тамақтандыруға бақылау жүргізу жөніндегі бірлескен іс-шаралар кешені дайындалды. Аталған жоспарды жүзеге асыру арқылы Қысқы ойындардың қатысушылары мен қонақтарының санитарлық-эпидемиологиялық саулығы қамтамасыз етіледі. Нысандарда гигиеналық нормативтердің қаншалықты сақталып отырғандығын тексеру бағытында зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшемдер жүргізіледі.

almaty2017.com

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button