Спорт

Универсиадаға қатысушыларды қолдайды

Спартакиада

 

29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында XXVIII бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтетіні баршамызға мәлім. Еліміздің жас спортшылары қазіргі таңда әлемдік додада жігерлі ойын көрсету үшін дайындық үстінде. Осы қысқы Универсиаданың құрметіне орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті спорт клубының ұйымдастыруымен университеттің профессор-оқытушылары, қызметкерлері арасында спартаикада өтіп жатыр. Жарысқа қатысушылар спорттың 9 түрінен бақ сынауда. Спорт клубының төрағасы Әбілғазы Құлмағамбетов:

— Бұл шара университетімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отырады. Биылғы мақсат — еліміздің Универсиадаға қатысатын жас спортшыларына қолдау көрсету. Жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, спорттың дамуына өз үлесімізді қосу. Университеттің барлық факультеттер ұжымы спартакиадаға бір кісідей жұмылып атсалысуда. Бұл біздің ұжымның еліміздің Универсиадаға қатысатын жас спортшыларына жанкүйер екендігін көрсетеді, — дейді.

Жаңа жыл қарсаңында бастау алған спартакиада нәтижесі қаңтар айының соңында белгілі болады.

Жадыра АРЕН,

Ақтөбе қаласы.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button