Спорт

24 команда жиналды

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік  қосымша  білім беру орталығы ХVІI облыстық cпартакиада бағдарламасы аясында «Жастар» облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде колледж білім алушылары  арасында гір спортынан жарыс ұйымдастырды.   

Облыстың ең үздік құрама командаларын анықтап, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен жарысқа барлығы 24 команда, 111 колледж оқушысы қатысты. Арнайы бекітілген ережеге сәйкес, колледж құрама командалары өзара сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегер командалар жинаған ұпай санымен анықталды.

Нәтижесінде ұлдар арасында Ақтөбе политехникалық колледжінің құрама командасы жеңімпаз атанды. II орынды Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің құрамасы, III орынды Ойыл аграрлық колледжінің командасы иеленді.

Ал қыздар арасында Ойыл аграрлық колледжінің құрамасы жеңіске жетті. Ақтөбе политехникалық колледжінің құрама командасы II орынға қол жеткізсе, III орын  Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің командасына бұйырды.

Жүлдегерлерге «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы тарапынан дипломдар мен кубоктар табыс етілді.

Өткен жылы Тараз қаласында өткен мектеп оқушылары мен колледж білім алушылары арасындағы VIII жазғы Республикалық Спартакиада бағдарламасы аясында гір көтеру жарысына Ақтөбе құрама командасы қатысып, жақсы нәтиже көрсетті. Колледж оқушылары арасында гір спортына жыл сайын қызығушылық артуда.

 

                                                                                     Ә.ТАСҚЫНБАЕВ,

«Ақтөбе-Дарын» орталығы

спорт және салауатты өмір салтын

қалыптастыру бөлімінің аға әдіскері.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button