Ресми

ТАҒАЙЫНДАУ

 

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың өкімімен 2017 жылғы 5 қаңтардан бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып (бала күтіміне байланысты демалыстағы негізгі қызметкердің орнына)

Ләззат Аманжолқызы ОРАЗБАЕВА тағайындалды.

* * *

Ләззат ОРАЗБАЕВА 1971 жылы туған. Білімі жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін жалпы техникалық пәндер және физика, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы, құқық бакалавры, «Тұран-Астана» университетін педагогика және психология магистрі біліктіліктері бойынша аяқтаған.

Шалқар ауданында Тоғыз орта мектебінің мұғалімі, Ақтөбе қаласында №24 орта мектебінің мұғалімі, №40 орта мектебінің директоры болып қызмет атқарды.

Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-нің басшысы болып жұмыс істеді.

 Ақтөбе қаласы

әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button