Ауыл

Әріптеске қол ұшын созды

Қайырымдылық

 Жақында Ойыл ауданының Қаракемер ауылдық клубының меңгерушісі Тілектес Үмбетовтің үйі өртеніп, күлі ғана қалды. Отбасында алды 15 жаста, соңы 9 айлық және кәрі соқыр шешесі бар еді. Қыстың көзі қырауда қиын жағдай туды.

Шарасыз күйде қалған әріптестерінің отбасына салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы қызметкерлері алғашқылардың қатарында қол ұшын созды. Облыстық «Алақай» қуыршақ театры «Алтын адам» қойылымынан түскен қаржыны қайырымдылық шарасына жұмсады. Ал қаладағы еліміздің Бірінші Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағының ұжымы бір күндік жалақыларын аударды. Бұл бастаманы қалалық Мәдениет үйінің, облыстық архивтің, облыстық халық шығармашылығы үйінің, С.Жиенбаева атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұжымдары қолдады.

А.ҚАЗЕКЕНОВ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button