Денсаулық

Мемлекет пен жекеменшік серіктестігі негізінде 6 жоба жүзеге асады

Соңғы екі жылда облыстың денсаулық сақтау саласына мемлекет пен  жекеменшік серіктестігі негізінде  17 миллиард теңге инвестиция тартылған. Бұл бағытта алты ірі  жоба қолға алынды. Бұндай жоғары көрсеткіш республикада біздің өңірде ғана іске асырылып отыр.

Мемлекеттік және жекеменшік серіктестік аясында келер жылы үш жоба қолға алынады. Оның бірі позитронды эмиссиондық томография орталығы болса, екіншісі — «Батыс-2» мен «Нұр Ақтөбе» аудандарынан салынатын емханалар. Ал биыл офтальмологиялық клиника мен стоматологиялық емхананың және жедел жәрдем бекетінің құрылысы басталды.

— Мемлекеттік және жекеменшік серіктестіктен бөлек, меморандум аясында да қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Оңтүстіккореялық «Каннам Северанс» клиникасы мен денсаулық сақтау басқармасы арасындағы меморандумға сәйкес түрлі шеберлік кластары өткізілді. Біздің дәрігерлер Кореяға барып білімін жетілдіріп қайтты. Сондай-ақ меморандумның  тағы бір бағыты — қайырымдылық көрсету. Бұл бағыт бойынша кореялықтар біздің елде емдеу мүмкіндігі жоқ ауруларға шалдыққан балаларға тегін көмек көрсетеді. Қазіргі күні омыртқасы қисайған үш баланы даярлап жатырмыз. Медициналық сараптамаға қажетті анализдер Кореяға жолданды. Сондай-ақ кореялық хирургтардың қатысуымен он үшінші желтоқсанда бесінші рет бауыр трансплантациясы жасалады. Қазір біздің дәрігерлер бүйрек ауыстыру отасын өздері жасайтын дәрежеге жетті. Осы айда үш науқастың бүйрегі ауыстырылды. Алдағы уақытта бауырды да өзіміз жасайтын боламыз, — дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Сонымен қатар Тәуелсіздік күні  облыстық перинаталдық орталықтың жанынан экстракорпоральді ұрықтандыру зертханасы ашылады. 

 Кәмшат ҚОПАЕВА.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button