Билік

Ақтөбе облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының   2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  №148 Заңының 27-бабының  2-тармағына, «Мемлекет Басшының 2009 жылғы  6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдері жастар тәжірибесін ұйымдастыруға  бөлінген  қаражаттың  уақтылы  және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

2. Ақтөбе облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру кезінде анықтау:
1) Ақтөбе қаласы және аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жастар тәжірибесін ұйымдастыру бойынша уәкілетті органдар (бұдан әрі – Уәкілетті органдар) болып табылады;
2) Уәкілетті органдар:
жастар тәжірибесін өткізуді жастарды жұмыспен қамту саласында   өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан ахуалды талдау негізінде ұйымдастырады;
қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму, өндірісін кеңейту және жастар тәжірибесіне қатысушыларды қабылдау мүмкіндігі бар кәсіпорындар туралы ақпараттар жинау жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Бір мезгілде, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастар тәжірибесін ұйымдастырудың және өткізудің негізгі шарттары туралы хабардар етеді деп белгіленсін;
3) жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде ескеріледі:
жұмыссыз жастар саны және оның уәкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүрген жастар санының өсуі;
жұмыссыз жастардың еңбек өтілінің, алған мамандығы бойынша машығының болмауы, бұл оны жұмысқа орналастыру мүмкіндігін төмендететіндігі ескеріледі.
3. Жұмыссыз жастарды іріктеу мынадай өлшемдерді есепке алып жүргізіледі:
1) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеу;
2) жоғары оқу орындарының, колледж немесе кәсіби лицей түлегі болуы;
3) мамандығы бойынша жұмыстың болмауы.
4. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде туындайтын және шарттар жасауға алып келетін құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдармен реттеледі.
5. Жастар тәжірибесі қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу жасаған еңбек шарттары негізінде уәкілетті органдармен, іс жүзінде жасаған жұмыс уақыты үшін олардың дербес шоттарына қаражат аудару жолымен жүргізіледі. Бір қатысушыға жергілікті бюджеттер есебінен орташа айлық аударымдар 15 000 (он бес мың) теңгені құрайды
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.

7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таралады.

Облыс әкімі                       Е.САҒЫНДЫҚОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button