Мәдениет

Ауылдан шыққан талант

Кішкентай Равиль анасының сазды әуеніне елтіп отыратын. Анасы үйге қонақтар келгенде ылғи да ән салып береді. Равиль болса анасының баурап алатын әндерін айта жүріп, қайталауға тырысатын.  Нұрания ана бес баласының біреуінің музыканы үйренгенін қалап, әйелдерге тән ақылдылығымен жалпы отбасылық қаржы қорынан үнемдей  отырып, үлкен баласына гармонь  сатып алып берді. Баласының досы осы уақыттың  өзінде гармоньда ойнайтынын білетін. Досы келіп тұратын, балалар гармоньды ұстай бастағаннан, анасы бір ғажайыпты күтетін. Бір күні бұл күткен  ғажайып  та орындалды. Бірде үйіне енгенде,  ол өзінің сүйікті бір әнін нақышына келтіре орындаған  гармонь  үнін естиді.  О, таңғажайып! Гармоньда ойнап отырған төрт жасқа тола қоймаған  өзінің төртінші ұлы Равиль  екен…

Ойылдың кішкентай баласы Равильдің шығармашылық жолы осылай басталған еді. Равильдің  бес жасынан ата-анасынан алшақта  болған  жылдары – оның нағашысының музыканы оқытуға алып кеткені, Орынбордағы  студиядағы оқуы бекерге кетпеді, оның жеке репертуары пайда болды, олардың ішінде аса танымал өлеңдері  «Сулико»  және  «Қызыл сарафан» әндері болды.

Равильдің  ерте басталған  шеберлігі  аудан орталығына  бұл уақытта танымал болды. Арнайы кәсіби білім беру мақсатында еліміздің талантты балаларын жинауға арналған қабылдаушы топ  бұның ауылына да келді. Көңілді де алғыр баланы ата-анасынан бөліп алып кету  жүрек ауыртарлықтай қиынға түсті.  Отбасының барлығының сүйіктісі бола білген ол өзінің талантын көрсете отырып, Ахмет Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінің алғашқы түлегінің бірі бола  білді.

Равиль Рахметтоллаұлының алдынан жаңа көкжиектер ашыла бастады.  Біріншіден, өзіне таныс емес аспапта оқытатын класқа түсті,  кейінірек бұл виолончель аспабы  «құнды байлығына» айналды.

Ұлы музыканың сырлары,  классикалық өнердің шымылдығы,   Карузо, В.Горовиц, М.Ростропович, Г.Караян, Д.Баспаев, Ю.Клушкин  сияқты танымал орындаушылардың есімдері алдынан ашыла бастады.

Болашақ музыканттың мінезінің қалыптасуына әсер еткен бір жағдайға тоқталып өтсек,  мамандығы  бойынша сабақ  беретін  тәжірибелі де өте  қатал  педагог  Евгений Николаевич  Луценко өзімшіл де көкірек  жастың  алдына  қойылған талаптарға төтеп бере алатындай мінезін  оятуы үшін  мамандық бойынша өзінің кезекті емтиханында    Равильге «1» деген баға қойды. Бұл өмір бойына берілген сабақ еді. Бірақ өмір жалғаса берді. Ары қарай сол қатал педагог Е.Н.Луценконың қолдауымен Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында, аты аңызға айналған  Жамбыл  Күзембайұлы  Баспаев  сыныбында оқып бітіріп, Равиль Күлмаметов 1985 жылы П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында ассистентатура – стажировкасында  Ресей халық әртісі, профессор  Фейгин Валентин Яковлевичтің  класында оқыды.

Ленинградтағы достары мен туыстарының Мәскеу немесе Ленинградта қалуы туралы ұсыныстарына қарамай, үлкен орындаушылық тәжірибе жинақтаған жас музыкант  Алматыға оралды.  Педагогикалық және концерттік қызметінің табысты жылдары Алматы мен Талдықорғанда басталды.  Жас музыкант өзіндік мінезінің, өнерлік шеберлігінің арқасында, республикамыздың музыкалық – танымал виолончельшілердің жетекшілерінің бірі  және музыкалық колледждің әйгілі оқытушыларының бірі болды, Грекия мен  Германия, Ресей, Үндістан және Қазақстан қалаларында оркестрде солист ретінде концерттерде өнер көрсетті.

1998 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясының  басшысынан Астана қаласына көшуіне және виолончель және контрабас кафедрасын басқаруына шақыру жолдамасы келді. Бұл ойламаған жерден болды, Р.Күлмаметовтің өмір жағдайы тұрақты, Талдықорған облыстық музыкалық колледждің   виолончель класы бойынша жетекші педагог ретінде жұмыс атқарды, зайыбы Гафура  осы колледждің фортепиано мамандығы бойынша жетекші педагог болып жұмыс атқарды, балалары  ер жетіп  жатты. Орындаушының  шығармашылық өсу жетістіктері – табысты  өнер көрсетуі,  концерттері, байқауларға қазылар алқасына шақырылуы сол күйінде  қала берді.

Равиль Рахметтоллаұлы осылайша Астанаға бет бұрды. Осында да қызу өмір басталды – оқушылар мен студенттер демалуға да жол бермеді: емтихандар, байқауға дайындықтар, астаналық оркестрмен өнер көрсету, сонымен қатар тамаша  жеке орындаулар болды.

Қазір Равиль Күлмаметов қандай жетістіктерімен қуана алады?  Жуырда өткен Халықаралық байқауда өзінің студенті жоғары деңгейде өнер көрсетті, қызы мен зайыбының ақ жарқын күлкісі, пианист, Мәскеу мемлекеттік консерваториясының студенті болған ұлы Ұланның жетістіктері, өзінің  шәкірттерінің, оркестрдегі қазіргі әріптестерінің  жетістіктеріне  көңілі толы.

28 ақпанда өзінің туған қаласы Ақтөбедегі  Ғ.Жұбанова атындағы  облыстық филармонияның концерттік залында Қазақ  ұлттық музыка академиясының доценті,  Астананың мәдени өмірінің іргесін қалауға  қатысқан, Академия  мен  оркестрдің құрылуына белсене араласқан ең алғашқы музыканттарының бірі, К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрындағы симфониялық оркестрдің  солисті  Равиль Күлмаметовтің концерті өтеді.

Концерттік бағдарламада  сіздер оның сүйікті  шығармаларын тыңдай аласыздар.  Музыкант анасының ең алғаш айтқан әуені арқылы дарыған,  уақыт сынынан өткен және тыңдарманын тебіренте жаулап алатын  виолончельдің сыйқырлы да терең сазы арқылы сый тартады.

Ғайни ЕСІМБЕКОВА,

ҚазҰМА проректоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button