Ауыл

Жаңа монша ашылды

Ырғыздық жеке кәсіпкер Сәбитбек Ранов өз ауласынан монша салып, пайдалануға берді.

Қызмет көрсету нысанының ашылу сәтінде Ырғыз ауылдық округінің әкімі А.Сарин ауылдықтарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, кәсіпкердің ісіне мол табыс тіледі.

Сәбитпек былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысып, 1 миллион 400 мың теңге көлемінде несие қаражатына қол жеткізіпті. Бұл қаражатқа моншаға қажетті құрылыс материалдарын алып, іргелі істі биыл қолға алған. Моншаның барлық құжаттары дайын. Ауылдықтар, әсіресе Сәбитбектің көршілерінің қуанышында шек болмады. Жаңа моншаның ішінде келушілерге барлық жағдай жасалған. Санитарлық талаптарға сәйкес келеді.

Былтыр кәсіпкер жігіт ауылдастарына  «Wi-fI» интернет желісін тегін қондырып берген болатын.

 Т.БЕКЖАНҰЛЫ,

Ырғыз ауданы.     

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button