Ресми

Алқабилер тізімімен танысыңыз!

Жыл сайын жергілікті атқару органдары Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы» Заңына сәйкес алқабилерді іріктеу жұмысын жүргізеді.

Алқабилердің негізін құрайтын алғашқы тізімге сайлаушылар тізімінен кез келген азамат енгізіледі. Одан кейін әрбір үміткер бойынша арнаулы тексерулер жүргізіледі.

Алқабилер қатарына 25 жасқа толмағандар мен 65 жастан асқандар алынбайды. Сондай-ақ алқабилер құрамына соттылығы алынбағандар, судьялар, прокурорлар, із кесушілер, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері енгізілмейді.

Биылғы жылдың 15 қарашасынан бастап бір апта ішінде тізім азаматтардың танысуы және қателер мен дәлдігі туралы өтініштерді қарау үшін Т.Ахтанов көшесі, 50-үй мекенжайы бойынша қалалық әкімдік ғимаратында ілінетін болады. Жеке адамдардың өтініштеріне сәйкес кейбір азаматтар тізімнен алынуы мүмкін немесе енгізілуі мүмкін.

Танысу уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button