Білім

Ақтөбелік психологтар үздік атанды

Конкурс

 Қазір мектептер мен оқу орындарына психологиялық-педагогикалық білімі бар жаңашыл ұстаздар қажет.  Осы талаптарды ескере отырып, «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы Қостанай қаласында «Үздік жыл психологі — 2016» конкурсын өткізді.

Конкурс — психологтардың кәсіптік деңгейін көтеру, шығармашылық әлеуетін іске асыру, психологиялық  практикалық білім алу қызметін дамыту, отандық білім берудің бәсекелестігін, тиімділігін, гуманистік бағытын арттыруға ықпал ететін психологиялық білім алуды білім беру қызметінің құрамдас бөлігі ретінде насихаттауға бағытталған.

Конкурсқа Қазақстанның барлық қалаларынан 53 психолог қатысты. Ақтөбе облысы атынан қатысқан 6 педагог-психолог облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанды. Атап айтсақ Олар — Ақтөбе қаласындағы мектептердің психологтары Құралай Ыбрашева, Ақбаян Елубаева, Ырғыз ауданы Құмтоғай мектебінің психологі Бақытнұр Лекерова,  Мәртөк ауданы Хазірет орта мектебінен — Валида Карабалина,  Шалқар ауданы І. Үргенішбаев атындағы орта мектеп пен  Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп психологтары – Мнира Жадырасынова, Ақгүл Ордина. Сайыс кезінде олар берілген тақырыпқа эссе жазып, музыка, театрландырылған көрініс, поэзия, сурет, өнер арқылы өздерін таныстырып, түрлі авторлық бағдарламаларын ұсынып, монолог оқыды.

Қазылар алқасының  шешімімен Ақтөбе педагогтары ең үздік деп танылып, конкурстың үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша келесі орындарды иеленді:

І орын — Бақытнұр Лекерова,  ІІ орын —  Құралай Ыбрашева, Валида Карабалина,  ІІІ орын — Мнира Жадырасынова, Ақгүл Ордина, Ақбаян Елубаева.

 К.ҚОПАЕВА.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button