Білім

Бразилиядан жүлдемен оралды

Олимпиада

 Ақтөбе қаласындағы №21 орта мектептің 11-сынып оқушысы Диас Оспанов Бразилияның Порту-Алегри және Нову-Гамбург қалаларында өткен Халықаралық «MOSTRATEC-2016» ғылыми жобалар олимпиадасынан жүлделі 2-орынды иеленді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын дарынды жастардың сайысында оқушылар ғылыми-техникалық жобаларын ағылшын тілінде қорғайды. Математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша жаңа, тың  жаңалық ашуға тырысады. Қазақстаннан аттанған 26 оқушы АҚШ, Қытай, Италия, Голландия, Аргентина сияқты тағы да басқа әлемнің 20-дан астам елінен келген дарындармен бақ сынасты.

Диас Оспанов физика пәнінен қорғаған жобасын өткен жылдың қаңтар айында бастаған.  Өзін ерекше қызықтырған «Айналмалы цилиндрлермен аэродинамикалық жел диірмендерін зерттеу» атты тақырыбын жетекшісі Ербол Дүйсеевтің көмегімен зерттеу жүргізген.

— Мен бұл додаға алғаш рет қатысып отырмын. Өз жобам барысында жел соғу кезінде әр түрлі бағытта айналатын цилиндрлер арқылы энергияның пайда болуын дәлелдедім. Егер де осы  жел энергиясын пайдалансақ, жылына кететін қаншама тонна отынды үнемдер едік. Бұл жобаны ЭКСПО көрмесіне де ұсынуға болады — дейді Диас.

Жас дарын алдағы уақытта әлі де болса бұл тақырыбын кеңінен дамытып, басқа да жаңалықтарымен қуантатынына сенімді.

 

                                                                                                          Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button