БілімЖаңалықтар

ҰБТ-ның жаңа форматы түсіндірілді

Брифинг

 Облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматының енгізілуі жөнінде БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді.

Сәуле Өмірбекованың айтуынша, мектептегі қорытынды аттестация төрт міндетті пән және бір таңдау пәнінен тұрады. Міндетті пәндердің қатарында қазақ немесе орыс тілі  және әдебиеті эссе түрінде тапсырылады, ал Қазақстан тарихы — ауызша емтихан ретінде, математика —  бақылау жұмысы, сонымен қатар, оқу тілі, яғни білім алған тілі бойынша тестілеу болады.

Елімізде соңғы он екі жылда 589 мың мектеп бітіруші ҰБТ тапсырған. Бүгінде тек жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген оқушылар ғана ҰБТ тапсыра алады. Ал мектептегі өтетін қорытынды аттестацияны барлық мектеп бітіруші тапсыруға міндетті. Мұнда таңдау пәні тестілеу бойынша тапсырылады. Олар — физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет және шетел тілі пәндері. ҰБТ-ның ең жоғарғы көрсеткіші  бұрын 125 болса, енді 120 балды құрайды. Ең төменгі балл 50 балл деңгейінде бұрынғыша қалды, 3 жарым сағат уақыт беріледі, — деді білім басқармасының басшысы.

Жоғары оқу орнына түсушілерге арналған ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді, тестілеуге қатысуға өтінім 10 наурыздан 10 мамырға дейін қабылданады. Сондай-ақ, шектік деңгейге балы жетпеген түлектер ҰБТ-ны тамызда немесе келесі жылдың қаңтарында қайта тапсыруға мүмкіндік бар.

Алдағы уақытта ата-аналар мен оқытушылардың сұрақтарына жауап беру мақсатында кездесулер өткізілмек.

                                                                                                                       А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button