БілімЖаңалықтар

ҰБТ: жаңа формат және міндетті пән

Баспасөз конференциясы

 Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматын ендіруге қатысты онлайн режимінде баспасөз конференциясын өткізді.
ҰБТ-ның жаңа форматында міндетті пән ретінде оқу сауаттылығын тексеру мүмкіндігі пайда болды, сондай-ақ екінші таңдау пәні қосылды. Жаңа ережеге сәйкес түлектер барлық емтиханды мектепте тапсырады. Қорытынды аттестаттау – мектепті бітіру емтиханы, ал ҰБТ  жоғары оқу орнына түсу емтиханы ретінде бөлек өткізілмек. Қорытынды аттестаттау 5 пән бойынша (4-еуі – міндетті және бір пән таңдау бойынша), мектептегі оқыту бейіні ескеріліп, өткізілетін болады.
Міндетті пәндер қатарында оқу тілі, яғни білім алған тілі қазақ немесе орыс тілі және әдебиеті  эссе түрінде, Қазақстан тарихы ауызша емтихан түрінде, математика  бақылау жұмысы, сондай-ақ меңгерген тілі бойынша тестілеу (қазақ тілі орыс тілді мектептер үшін, орыс тілі қазақ, ұйғыр, өзбек және тәжік тілді мектептер үшін) өткізіледі. Таңдау пәндері бойынша тестілеуде физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілдері тапсырылады, — деді ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева.
Сондай-ақ баспасөз конференциясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Дархан Ахмед-Закидің мәлімдеуінше, мектеп бітіруші түлектердің жоғары оқу орнына қабылдану үшін тапсыратын ҰБТ форматы үш міндетті пәннен тұрады: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы. Олардың әрқайсысы бойынша 20 сұрақтан, сондай-ақ екі таңдау пәні бойынша 30 сұрақтан беріледі. Жалпы тестілеу уақыты 210 минутты құрайды. Сұрақтар санының артқанына қарамастан, Білім және ғылым министрлігі ең төменгі балл деңгейін (50) өзгеріссіз сол қалпында қалдырып отыр.
Сондай-ақ жиында мәлім болғандай,  енді «Алтын белгі» беру мәселесін мектептердің өздері шешетін болады. Ал ҰБТ-да «Алтын белгіні» растау қажет етілмейді.
Сонымен қатар келер жылы түлектер үшін аттестациялау өздері оқыған мектепте 1-10 маусым аралығында өткізіледі. Ал ҰБТ, яғни жоғары оқу орнына түсу емтиханы 20 маусым мен 1 шілде аралығында еліміз бойынша 165 тестілеу бекетінде ұйымдастырылады.

 Д.ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

8 Comments

  1. Большой плюс в том, что отдельно будут оцениваться полученные в школе знания, а отдельно – поступление в вузы. Еще появилась возможность сдавать экзамены на поступление без сдачи ЕНТ

  2. Брифинги и многочисленные публикации свидетельствуют о том, что министерство образования большое внимание уделяет инфоромированию населения о своих шагах в рамках реформ образования. К обсуждению также подключают педагогов и просто население. К примеру, в вопросе новых учебников.

  3. ҰБТ-ғы жаңа ережелер оқушыларға өте қолайлы болып тұр. Жаңа формат бойынша әуелі мектепті бітіру емтиханын, содан кейін жоғары оқу орнына барып, тағы басқа емтихан тапсырады.

  4. Менің математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтін досым мектептен тыс уақытта арнайы курстарда сабақ береді. Ақылы түрде. Табысы өте жақсы. Ата-аналар балдары ҰБТ-да төмен балл алып қалмасын деп, арнайы осыған әкеп оқытады екен.

  5. Қазақстандағы емтихан жүйесі жақсарған сайын, оқушылар арасындағы суицидтерде азая береді деген сенім бар. Емтихан былайша жай нәрсе болып көрінгенмен, кей адамдарға ауыр салмағын түсіреді.

  6. Очень внятно все объяснили из скольких этапов состоит тест и к каким предметам нужно будет готовиться. Очень полезный тест. Потому что детям придется готовиться и к устному экзамену, ну и письменной. Интересно сделали тесты. Ждем результатов. Так переживал по поводу изменения формата ЕНТ! сын окончит школу в след году, но теперь сомнения рассеялись и мы спокойны. Безусловно изменения на пользу, а то так мучились дети раньше

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button