Мәдениет

Жырын тыңда Дулаттың…

Бір ел — бір кітап

 Ақтөбе облыстық мамандандырылған қазақ-түрік лицей-интернатында республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында қазақ жырының дүлділі Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған «Жырын тыңда Дулаттың» атты әдеби кеш өтті.

Лицейдің кітапхана меңгерушісі Гүлмира Бексұлтанқызының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты — оқырман қауымға ақынның өз кезеңіндегі әлеуметтік және тәрбиелік мәні зор мәселелерді арқау етіп, туған жеріне деген шынайы перзенттік сезімін паш ететін шығармаларымен таныстыру. Қазақ халқының төл әдебиеті мен мәдениетін құрметтеуге баулу.

Кеш барысында оқушылар Дулат Бабатайұлының «Тырнақтай меңі болған соң», «О, Ақтан жас, Ақтан жас», «Асқар таудың сәні жоқ» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. 9-сынып оқушысы Лиман Нұрсұлтан Д.Бабатайұлының «Еспенбет» поэмасынан үзінді келтірді. Сондай-ақ, фотошежіре слайд, «Бабалар — асыл даналар» деп аталатын бейнематериал көрсетілді. Кешке арнайы шақырылған облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Азатгүл Жасұланқызы  «Дуалы ауызды Дулат ақын» атты кітап көрмесімен таныстырды. Жастарды Дулат Бабатайұлының имандылыққа шақыратын өлеңдерімен сусындауға шақырды. Кеш соңында 7-сынып оқушысы Әділет Айқожа Құрманғазының «Адай» күйін барша жиналған қауымға тарту етті.

 А.ҚАЛИЕВА,

Ақтөбе қаласы.

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button