Спорт

Облыстан 19 команда бақ сынасты

Шағын футбол

 Ақтөбе облыстық прокуратурасы мен «Кеңес» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар діни экстремизмге және терроризмге қарсы» деген тақырыппен шағын футболдан облыстық турнир өтті.

Биыл алғаш рет өткізіліп отырған шараның басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың дамуына үлес қосу, сондай-ақ жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуге бағытталған.

Ақтөбе мұнай және газ колледжінің стадионында өткен жарысқа 18-29 жас аралығындағы жастар белсене атсалысты. Спортшылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан ойынды тартысты өткізді. Қатысушылардың көңіл күйлері де тамаша.

Облыс аудандары, қаладағы мекеме қызметкерлері мен жоғары оқу орындарының студенттерінен құрылған барлығы 19 команда бақ сынасты.

Турнир нәтижесі бойынша «Қазақойл Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрамасы жеңімпаз атанды.

 

                                                                                                                      А.ҚАЛДЫБЕК.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button