Ресми

Тағайындау

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың 2016 жылғы 31 қазандағы өкімімен Аманғали Бисенбайұлы Бердалин Хромтау ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Аманғали БЕРДАЛИН

 1964 жылы дүниеге келген. Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын мал дәрігері мамандығы бойынша, Л.Гончаров атындағы Қазақ автокөлік-жол университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Өзінің еңбек жолын 1981 жылы Комсомол (қазіргі Әйтеке би ауданы) ауданындағы Шевченко атындағы кеңшарда құрылысшы қызметінен бастаған.

Кейін осы шаруашылықта аға,  бас мал дәрігері қызметтерін атқарған. Көп жылдар бойы «Қарабұтақ» ЖШС-ын басқарды, Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылғы маусым айынан бері – Әйтеке би ауданының әкімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button