Ресми

Тағайындау

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 2016 жылғы 31 қазандағы өкімімен Мәлімбет Ерғалиұлы Ибрашов Әйтеке би ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Мәлімбет ИБРАШОВ

1970 жылы дүниеге келген. Алматы статистика және экономика институтын «бухгалтер-экономист», Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін «құрылыс бакалавры» және халықаралық бизнес академиясын менеджмент мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1989 жылы Орынбор облысының «Ақбұлақ» кеңшарында қызмет етуден бастады. Бірқатар уақыт аралығында Орынбор және Ақтөбе облыстарының жеке құрылымдарында еңбек етті. Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында әртүрлі қызметтер атқарды. Кейін осы басқармада басшы, Қарғалы ауданының әкімі болып қызмет істеді.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитетіндегі жергілікті желі басқармасында сарапшы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінде мемлекеттік бақылау мониторингі және талдау басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

2016 жылғы мамыр айынан бері – ҚР Ұлттық экономика министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button