ЖаңалықтарСпорт

Ақтөбеде әлем чемпионаты басталады!

26-30 қазан күндері аралығында Ақтөбе қаласындағы «Қоныс» спорт сарайында гір көтеруден әлем чемпионаты өтеді. Оған 34 елден 440 спортшы қатысқалы отыр.

Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан білгеніміздей,  АҚШ, Германия, Жапония, т.б. дамыған мемлекеттердің спортшылары күш сынасатын жарысқа тұңғыш рет қатысқалы отырғандар да бар екен. Олар — Оңтүстік Африка Республикасы мен Үндістан елдерінің өкілдері.

Дүбірлі доданың салтанатты ашылу рәсімі — 27 қазанда, яғни бейсенбі күні өтпек.

Біздің облыстың намысын аталмыш жаһандық жарыста 15 қыз-жігіт қорғағалы отыр. Олардың барлығы, ұйымдастырушылардың сөзінше, дайындығы мықты, I орыннан үмітті жастар. Айталық, Евгений-Сергей Гончаровтар, Салават Жұмағалиев, Айбек Қуандық, Айтқали Балтабаев, Әзиз Алдонов, Әлішер Сағынтаев, Аслан Шарқатиов, Жанна Құсайынова, Әсемгүл Шамғоновалар.

Сонымен, жылда бола бермейтін байрақты бәсекеден қалып қоймаңыздар, жерлестер!

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.  

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button