Әлеумет

153 адамға көмек көрсетілді

Астанадан келген мамандар тобы жеті бағыт бойынша жұмыстар жүргізеді. Жеті бағыттың бірі — әлеуметтік мәселелерді шешу.

Осы орайда Мұғалжар ауданында 26 шара ұйымдастырылды. Сол шаралар барысында 153 адамға нақты көмек көрсетілген.

Мысалы, мектепте істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған Б.Атамұратов қайтадан өз қызметіне алынды. Ол — денешынықтыру пәнінің мұғалімі, Өзбекстаннан келген оралман. Ал Жұрын аулының тұрғыны С.Жиенбаева ұзақ жылдар бойы жұмыссыз болып келген. Болашақта зейнеттік демалысқа шығу үшін, оған еңбек өтілі керек болады. Бұл азаматшаға осы жағы түсіндіріліп, аудандық еңбекпен қамту орталығына жолдама берілді.

«Денсаулық» пойызының дәрігерлері 345 адамды тексеруден өткізді, оның 115-іне аудандық орталық ауруханаға жолдама берілді. Сондай-ақ, 314 мектеп оқушысының денсаулығы тексерілді. Алматы мен Астанадан келген маман-дәрігерлер 399 адамды қарап, 14-іне көмек көрсетті.

Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан 95 адам түрлі мәселелер бойынша қабылдауда болды және олардың 17-сінің талап-тілектері қанағаттандырылды.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button