Жаңалықтар

Журналистерді құттықтады

Облыстық басылымның 85 жылдығы мерекесі тұсында қос ардагер – газеттің бұрынғы редакторлары – Нұрқайыр Телеуовтің 80 жасқа, Идош Асқардың 70 жасқа толуы құрметіне облыс әкімдігінде қабылдау жасалды. Облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова журналист ағаларды құттықтап, олардың журналистикадағы ұзақ жылғы жемісті еңбектерін атап өтті, облыс әкімі Е. Сағындықовтың атынан Құттықтау хат тапсырды. Сонымен бірге той иелерінің иығына шапан жабылды.

Салтанатты сәтте Қазақстан Журналистер ұйымы облыстық филиалының төрағасы Сексенбай Күлімбетов шығармашылық одақтың Құрмет грамотасын тапсырды.Сондай-ақ, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры М. Ақдәулетұлы, ардагер-журналистер К. Бекмағамбетов, К. Жалдыбаев, Б. Ниеталин, Журналистер одағы мүшелері Ө. Әкімов, К. Еспағамбетұлы, айтыс ақыны Н. Қалауовтар жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау тілектерін айтты.

Мерейтой иелері өз сөздерінде облыс әкімінің құрметіне алғыстарын айта отырып, баспасөздің қоғамдағы ролінің бүгінгі биік дәрежесіне ырзалықтарын білдірді, кейінгі буын қаламгерлерге шығармашылық табыстар тіледі.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button