Құқық

Сот отырысында жаңа технология қолданылады

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының бұйрығымен бекітілген «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио, бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио, бейнежазбаны сақтау және жою, аудио, бейнежазбаға қол жеткізу туралы» қағидаларына сай сот отырыстарын аудио, бейнежазбаға түсіру сот талқылауы барысын дәл тіркеу үшін сот ісін жүргізу мақсатында, сондай-ақ азаматтық, қылмыстық сот ісін жүргізуде, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуде немесе тәртіптік іс бойынша іс жүргізу шеңберінде нақты деректерді белгілеу мақсатында пайдаланылады.

Сотта  сот отырысы залы бейне-дыбыс жазу құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио, бейнежазба құралдарын пайдалануды сот отырысының хатшысы іске асырады. Сот отырысында хатшы тараптардың, куәлердің жауаптарын жазбайды, қысқаша сот отырысының хаттамасы толтырылады, одан кейін аудио, бейнежазба бар материалдық (электрондық) жеткізгіштер орамада іс нөмірі, сот отырысының күні көрсетіліп, оралған күйінде (конвертте) іс материалдарына қоса тіркеледі, сондай-ақ сот отырысы хатшысының қолы қойылады. Бұл сот хатшыларына біршама жеңілдік береді.

Сот отырысында озық технологияларды қолдану тараптардың сотқа деген сенімін арттыра түсіреді, сонымен қатар, олардың өздерін сотта дұрыс, мәдениетті ұстауына ықпал етеді. Тараптардың өтініші бойынша сот отырысының жазбасымен сотта танысу мүмкіндігі бар немесе сот отырысы аудио, бейнежазбасының көшірмесін сотқа өтінішхат келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде береді.

Сонымен қатар 2016 жылдан бастап республика соттарында іске қатысушылардың біреуі басқа қалада тұрған жағдайда қашықтықтан сот отырысын өткізу мүмкіндігі бар, ол бейнеконференциялық байланыс – екі немесе одан да көп қашықтықтағы абоненттердің интерактивтік өзара іс-қимыл жасауына арналған.

Қыркүйек айында Мәртөк аудандық сотының өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша, КА 168/1 мекемесінде отырған 4 сотталушыға қылмыстық іске қатысты  бейнеконференциялық байланыс арқылы екі сот мәжілісі өткізілді.

Бейнеконференция байланысын  пайдаланудағы негізгі мақсат процессуалдық істерді қарау мерзімдерін сақтау және азайту, сонымен бірге талапкер не олардың жақтастары, сонымен қатар куәгерлер, эксперттер, мамандар, аудармашылар белгілі бір себептермен  сот отырысына келе алмауына байланысты бейнеконференция байланысымен қатысуы мүмкіндігі туады.

 Динара БЕКМҰХАМБЕТОВА,

Мәртөк аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button