Денсаулық

Қауіп пен қорғаныс

1 желтоқсан — ЖҚТБ-ға қарсы күрес күні

1988 жылдан бері Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 1  желтоқсан Дүниежүзілік ЖҚТБ (СПИД) — жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісіне қарсы күрес күні болып аталып өтіліп келеді. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығына сәйкес үстіміздегі жылдың қарашасының алғашқы күнінен  желтоқсан айының 1-не дейінгі аралықта облыс көлемінде бір айлық өткізілуде.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында 95, колледж оқушылары арасында 175 ерікті арнайы оқытылып, студенттер ортасында дерттен сақтандыратын тренингтер ұйымдастырып жүр. Ал орталық мамандары облыстық физика-математика мектеп интернатында 7-9 сынып оқушылар арасында «Біз ЖҚТБ-ға қарсымыз!» атты акция өткізді. Бұл акцияның да басты мақсаты өскелең ұрпақты зиянды әдеттен аулақ қылуға, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Жұқпалы ауру болып табылатын бұл қауіпті кеселге шалдыққандар облыс көлемінде 185 адамды құрайды екен. Олардың 10-ы — әйел адамдар. Көбіне бұл ауру жыныстық қатынас арқылы жұғатындықтан, жастар сексуалдықты салауатты мәдениет, салт-дәстүр, дін және мораль контексі деңгейінің ұғымында түсінулері қажет. Дүние жүзінде ЖҚТБ жұқтырғандардың 60 пайызы ауруды жаңадан жұқтырғандар қатарына кіреді. Сонымен бірге инфекцияны жұқтырушылардың көпшілігі әйелдер.

ЖҚТБ — иммундық жүйені зақымдайтын дерт. Ағза инфекцияларға қарсы тұра алмай, қауіпті кеселге ұшырайды. АҚТҚ-мен ауырған кезде иммундық жүйені күшейту өте маңызды. Бұл жұқпалы кеселмен күресуге септігін тигізеді.

ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыс орталығының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі дәрігер Айбарша Төребаеваның айтуынша, бұл қауіпті ауруға қарсы қолданатын вакцинация әзірге шыға қоймаған.

Бұған әлі арнайы дәрі жасалмаған. Білім беру орындарында оқушыларға бұл аурудан сақтанудың жолдарын үнемі айтып отыру — әрбір сынып жетекшісінің міндеті. Әрбір жоғары сынып оқушысы қауіпті дертті жұқтырмау жолдарын, одан қорғану ережелерін білулері абзал, — дейді ол.

Жетпісбай ЖАНАХМЕТОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button