Жаңалықтар

Ақпарат шындыққа сәйкес болуы керек

Ақтөбе облысы әкімдігі жүргізген мемлекеттік сатып алуға қатысты шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, қайта басылды.

Облыс әкімдігінің ғимараты 1971 жылы пайдалануға берілген. Соңғы жөндеу жұмыстары 2007 жылы жүргізіліп, қажетті жиһаз 2004 жылы сатып алынған.

Сонымен қатар, өңірге көптеген өкілдік делегациялардың, сондай-ақ дипломатиялық миссиялардың басшылары, шетелдік қонақтар мен облыс тұрғындарының келуін ескере отырып, материалдық-техникалық базаны жаңарту бойынша жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 8,9 млн теңгеге келісімшарт жасалды.  Сондай-ақ 5,3 млн теңгеге әкімшілік ғимараттарының бірнеше қабатында ағаш терезелерді металлопластикалық терезеге ауыстыру жоспарланды.

Облыс әкімдігінің ғимаратында  орналасқан  сәндік сарқыраманың жоспарлы құны 1 млн 687 мың теңге, ол 1 млн 290 тыс теңгеге сатып алынды. Ал ауа ионизаторы облыс басшылығымен ресми кездесулер  өтетін үлкен мәжіліс залында қондыруға жоспарланған.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметкерлерге және әкімдікке келушілерге ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынған, осыған байланысты құны 500 мың теңгеге 3 шкаф сатып алу жоспарланған. ҚР Үкіметі Жарлығына сәйкес бұл лот облыстық мүгедектер қоғамынан сатып алынды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу веб-порталында өңірдің имиджін қалыптастыру мақсатында аймағымыздың табиғат көрінісі бейнеленген 35 көркем суреттің бағасы көрсетілген, бір суреттің құны 43 мың теңге, ал  мәжіліс залдары мен жиналыс бөлмелерінің әрқилы мөлшердегі есіктерін кеңейтілген есіктерге ауыстыру көзделген.

Ал ұлттық нақыштағы ыдыс-аяқтар шетелдік делегацияларға және ресми тұлғаларды қабылдауға арналған. Бірақ жеткізушілердің болмауына байланысты мемлекеттік сатып алу өткізілмеді.

Халықты объективті ақпараттандыру маңыздылығының жоғары екенін ескере отырып, облысы әкімдігі БАҚ өкілдерін сенімді ақпаратты алу үшін ресми түрде сауал салуға шақырады.

 Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button